LRT ісі бойынша қаражат жымқырғандар туралы тың дерек шықты
LRT ісі бойынша күдіктінің орналасқан жері анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Интерпол «Астана LRT-ның» бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың бірі қазір батыс елдерінде жүргенін анықтады. Бірақ қайсысы екенін нақтыламады.
Қазір күдіктіні елге қайтару бойынша бірқатар шаралар қолға алынған.
Еске салайық, аталған қылмыстық іс бойынша Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке халықаралық іздеу жарияланған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: