LRT: Жол ақысы қанша болады?
Астанада LRT құрылысы жанданып жатыр. Жол ақысы қанша болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл сұраққа Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін халықпен өткен кездесуде жауап берді.
Қала басшысының айтуынша, жобада бір реттік жол жүру құны 200 теңгеге дейін бекіту қарастырылған, ал нақты тариф кейінірек анықталады.
Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек LRT-ның тестілік режимде іске қосылуы белгіленген мерзімде өтетін-өтпейтіні жайында пікір білдірген.
«Ештеңе өзгерген жоқ, қыркүйекте алғашқы пойыздарды тестілік режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Тестілік кезеңнің қорытындысы бойынша жобаның нақты іске қосылатын уақыты белгілі болады. Бірақ әдетте тестілік режим 3-6 айға дейін созылуы мүмкін», – деді ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: