Лудоман жалған ақшамен 14 млн теңге ұтып алған

БҚО-да азамат жалған ақшамен бәс тігіп, 14 млн теңге иемденген, деп хабарлайды Arbat.media.

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жалған шетел валюталары арқылы 14 миллион теңгені заңсыз иемденген. Ол әуелі 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуро көлеміндегі жалған ақшаны сатып алған. Кейін оны лото ойындарына салып, 14 миллион теңгені алдап алып кетті деген күдікке ілінді.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуді аяқтап, іс сотқа жолданды.

Лудоман, ақша, қаражат, ұтты

Тақырыпқа жаңалықтар