Қазақстан жаңалықтары5 қаңтар 2026, 17:41

Маңғыстау облысында ер адам өзін пышақтаған досының үстінен арыз жазудан бас тартты

Маңғыстау облысында ер адам өзін пышақтап тастаған досының үстінен арыз жазудан бас тартты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Желіде тараған видеода үй іші қан-жоса болып жатқанын көруге болады.

«Алкогольді ішімдік ішкен екі дос жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісінің жамбасына пышақ салған», - дейді полиция.

Зардап шеккен ер адам досының үстінен арыз жазудан бас тартқан.

Алайда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Маңғыстау ер адам полиция Жарақат
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар