Қазақстан жаңалықтары28 қазан 2025, 9:21

Маңғыстау облысында жеңіл көлік жылқыға соқтығысып, екі адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жеңіл көлік жылқыға соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Маңғыстау облысында Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында екі көлік жылқыға соқтығысқан.

Lada.kz мәліметінше, оқиға туралы ақпаратты Полиция департаменті растаған. 26 қазанда таңғы сағат 7:30-да кезекші бөлімге жол апаты туралы хабар түскенін айтты.

"Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де жылқыға соғылған", – делінген хабарламада.

Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Маңғыстау обляс Адам Апат
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар