Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты

Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмды. Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында «Үстірт» шекара бекетінде болды. Ресми деректерге сәйкес, кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындықты дизель генераторының радиаторын жууға қажетті бензин алу үшін жанармай қоймасына жіберген. Сол жерде сарбаз есінен танып қалған. Шамамен 21:20-да оны электр-механик тауып алып, капитан оған алғашқы көмек көрсеткен. Алайда жағдайы ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Өлім себебі ретінде газбен улану көрсетілді.

Қайғылы жағдай бойынша Ақтау гарнизонының әскери полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («Қызметтік салғырттық») бойынша тіркелді.

Маңғыстау Ақпарат Сарбаз Әскери
6 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
6 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар