Маңғыстауда 10 жастағы қызды автобус қағып мерт қылды

Маңғыстауда 10 жастағы қызды автобус қағып мерт қылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында болған. Ақтаудан елді мекенге кіріп келе жатқан нөмірі 105-қоғамдық көлік жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кеткен. 10 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Маңғыстау автобус Адам қаза болды

Тақырыпқа жаңалықтар