Маңғыстауда 13 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам өз-өзіне оқ атты

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жергілікті тұрғын өзіне оқ атты. Оның мәйітінің жанынан аңшы мылтығы табылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл деректі облыстық полиция департаменті растады. Ведомствоның хабарлауынша, 24 қаңтар күні «102» пультіне 13 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғаны туралы арыз түскен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, заңсыз әрекеттерді қыздың өгей әкесі жасағаны анықталды. Ал оған дейін ер адам өзін атып өлтіріпті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Маңғыстау Зорлық Қылмыс облыс

Тақырыпқа жаңалықтар