Маңғыстауда мұнай өнімдері тиелген жүк көлігі аударылып кетті
Кеше, 29 қыркүйекте Ақтау—Жаңаөзен тас жолында автоцистерна аударылып, жолға мұнай өнімдері төгілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Апат болған жерге Маңғыстау облысының Экология департаментінің мамандары барды.
«2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15:50-де Ақтау–Жаңаөзен автожолының 23-ші шақырымында мемлекеттік нөмірі 720 AI/12 болатын мұнай тасымалдаушы көлік аударылды», деп хабарлады Экология департаменті.
Мамандар қоршаған ортаға тараған ықтимал зиянды бағалау үшін топырақ сынамаларын алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: