Марат Әйтеновты телефонмен ұрып, тістеп алған бұрынғы әйелі айыппұл төлейді
Коллаж: Kazinform/ instagram.com/dana_ateshova/ Freepik
Freepik Kazinform
Қазақстан жаңалықтары23 тамыз 2024, 16:39

Марат Әйтеновты телефонмен ұрып, тістеп алған бұрынғы әйелі айыппұл төлейді

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бұрынғы әйелі Дана Атешоваға үкім шығарды. «Д. Атешова үйден мәжбүрлеп шығару кезінде үй иесіне қарсылық көрсетіп, М. Әйтеновті үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған. Салдарынан М.Әйтенов жарақат алды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді», — дейді елорда сотынан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өз кезегінде прокурор М. Әйтеновтің бұрынғы әйеліне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды сұраған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал қорғаушы тарап оқиға мен қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуды талап еткен.

Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмысы немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Алайда сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балалардың болуын және бұрын сотталмағанын есепке алған.

«Сот істің мән-жайын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер екенін, 3 жас баласының бары және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесіне әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, сотталушы Д. Атешоваға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады», — делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Марат Әйтенов дана атешова телефон Үкім

Тақырыпқа жаңалықтар