Мария Хаджиева лауазымын босатты

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваны лауазымынан босатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — деп хабарлады Ақорда.

Мария Хаджиева 1971 жылғы 22 наурызда дүниеге келген.

Еңбек жолын 1995 жылы Әділет министрлігінің Бас заңнама басқармасының конституциялық және әлеуметтік-мәдени заңнама бөлімінің жетекші консультанты болып бастаған.

2019 жылы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болды.

2019 жылғы 26 желтоқсанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Президент Басшы лауазым Мария Хаджиева

Тақырыпқа жаңалықтар