Мемлекет басшысы Трампқа көңіл айтты
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын һ жолдады.
Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: