Қазақстан жаңалықтары15 шілде 2024, 14:23

Мемлекетаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қырғыз Республикасының 43 жастағы азаматшасын ұстады. Ол 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігін бойынша, яғни ұрлық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Күдікті Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды қолды қылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне берілетін болады», – делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жамбыл облысы мемлекетаралық іздеу Әйел ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар