Мерекеде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 1, 2, 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.
Алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
- Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы жерлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
- 2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ та жаууы мүмкін.
- Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік жүреді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: