Назарбаев мектебінде мұғалімді балағаттаған оқушы аттестат алды
Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінен шығып қалған оқушы мектеп бітіру аттестатын алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы қоғам белсендісі Аида Букаева Facebook желісінде жазды.
Назарбаев зияткерлік мектебіндегі даулы оқиғадан кейін оқудан шығып қалған оқушы қаладағы мектептердің бірін бітіріп, қолына аттестат алды.
"Сүйінші! Сұңқарымыз Қазақстан Республикасының аттестатын алды", - деп жазды қоғам белсендісі Аида Букаева Facebook желісінде.
Аида Букаева оқушыны ертіп алып, екі күн бойы Алматы мектептерін аралап шыққан. Ол кей мектептер оқушыны қабылдаудан бас тартқанын, алайда қыркүйек айында оны 11-сыныпқа қабылдауға дайын мектеп басшылары болғанын айтып, сол мектептерге ризашылығын білдірді.
Осы ретте жазба авторы қоғам тарабынан оқушының ата-анасының жауапсыздығы туралы көп пікір жазылғанын айта кетті.