Назарбаев Университетінде студент көз жұмды
Назарбаев Университетінде студент қыз мерт болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.
«Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Университет ұжымы отбасына моральдық және материалдық қолдау көрсетіп жатыр», - делінген оқу орнының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Университет жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: