Нұрай Серікбай ісі: Ішкі істер министрлігі күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты Ішкі істер министрлігі күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр. Министрлік мәліметінше, тергеу әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оған қоса тергеушілер қосымша нұсқалар мен жәбірленуші тараптың уәждерін тексеруде.

“Қазір жәбірленуші тарап Нұрайды күдіктінің үйіне алып қашып келген кезде сол маңда болған адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруді сұрап отыр. Бұдан бөлек те бірқатар жайт бар. Біз олардың бәрін толық тексеріп жатырмыз”, – деді Вице-министр Санжар Әділов.

Нұрай Серікбай өлім туыс Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар