Нұрайдың өлімі: Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Күдікті адам қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сот-медициналық сараптамалар жасалады. Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қылмыстық істің барлық мән-жайы жан-жақты, объективті зерттеледі», - деді ол Сенат кулуарында.
Сондай-ақ Шымкент қаласы департаментінің жедел-тергеу тобы аталған іске қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: