Өлімнен қалған астаналық бойжеткеннің жағдайы ауыр
Елордалық жасөспірім жас қызды өлтірмек болған, қазір науқас ауыр хәлде жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратты
«26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қызды жеткізді», - деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақпаратта айтылғандай, пациенттің іш қуысы жағына операция жасалған, қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Айта кетсек, ейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада 18 жастағы қызды өлтіруге оқталған жасөспірім ұсталды.
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, жеткіншек қызды өлтіруге ұмтылған.
Қазір күдікті қамауда және тергеу амалдары жүріп жатыр.