Оралда 13 жастағы қызды көлік қағып мерт қылды
Оралда жеңіл автокөлік 13 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше Автопарк маңындағы көпірде болған.
"20 маусымда шамамен 17:30-да С. Датұлц көшесіндегі жол өткелінде (көпірде) 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қыз белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде оны "Lada Granta" көлігін басқарып отқан 1999 жылы туған жүргізуші қағып кеткен", – делінген хабарламада.
Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келген бойда қызды аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимастан алған жарақатынан көз жұмған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бір отбасының бес бірдей баласы қаза тапқан еді.
Сондай-ақ Қарағанды облысының Топар кентінде үйіне теміржол бойымен қайтып келе жатқан әйелді пойыз қағып кеткені хабарланған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға билікті кінәлап, ең болмағанда жарық, жол және қауіпсіз өткел талап етіп отыр.