Оралда 15 жастағы қызды зорлап өлтіруге тырысқан ер адам іздестіріліп жатыр

Орал қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлеуметтік желіде Зачаганск шағын ауданында ер адамның 15 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Ер адам қызды зорлап, кейін өлтіруге тырысқан. Оны тұншықтырып, өлді деп ойлвп орманға тастап кеткен. Бірақ абырой болғанда, қыз есін жиып, ата-анасына қоңырау шалып, жағдайды баяндаған.

Полиция кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қылмысқа қатысы бар адамды ұстауға бағытталған жедел - іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде», - деді ПД бастығының орынбасары Ұланбек Әбілхайыр.

Зачаганск шағын ауданының тұрғындары қылмыскерлердің бірнешеу болғанын айтады.

орал Қала Зорлық Қылмыс
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар