Парламентте президент туралы заң таныстырылды
Парламентте президент туралы заң таныстырылды. Заң 8 тарау мен 43 баптан тұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.
1-тарауда президенттің мәртебесі айқындалады, оның ішінде қызметке кірісу тәртібі, өкілеттік мерзімі және президент лауазымын атқаруға байланысты шектеулер қарастырылған.
«Президент Конституцияға сәйкес омбудсменді тағайындайды және оның жыл сайынғы баяндамасын тыңдайды. Бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың институционалдық кепілдіктерін күшейтеді», - дейді әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
Заңның басты жаңалығы конституциялық деңгейде жаңа институт – ҚР вице-президенті бекітіліп отыр.
Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайтын болады.
Оның негізгі функциясы – президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету. Жаңа қызмет президент әкімшілігінің құрамында болады.