Пәтер ұрлығымен айналысқандар ұсталды
ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында 6 ақпан күні Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сондай-ақ оның сыбайласы болуы мүмкін 46 жастағы тағы бір күдікті қолға түсті.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ақпан айының басында күдіктілер Қарағанды қаласындағы Гудермецкая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, 8 алтын бұйымды, шамамен 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны және 200 АҚШ долларын ұрлаған.
Тінту барысында күдіктілерден алтын сақиналар, шамамен 400 мың теңге көлеміндегі қаражат, түрлі телефон және бүктелмелі пышақтар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: