Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2024, 20:06

Павлодар ауылында 44 жастағы әйел хабар-ошарсыз жоғалып кетті

Май ауданы Малайсары ауылының 44 жастағы тұрғыны 6 сәуірде үйінен шығып кетіп қалған. Оның сөйлеу кемістігіне байланысты 2-ші топтағы мүгедек екені анықталды. Қазіргі уақытта полиция мен еріктілер, сондай-ақ өзге де азаматтар Малайсары ауылының 44 жастағы тұрғыны Жанар Әмірғалиқызы Солтанды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«7 сәуірде Ж.Солтанның анасы қызының кешеден бері үйге оралмағанын айтып, полицияға жүгінген. Бұрын қызы мұндай қылық жасамаған. Жедел уәкілдер дереу барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне және жақын маңдағы облыстарға 44 жасар тұрғынның жоғалғаны жайлы бағдар жіберді. Жақын маңдағы ауылдарда, жайылымдар мен шалғынды жерлерде, Ертіс өзенінің жайылмасында іздеу жүргізілуде. Туыстары мен көршілерінен, таныстарынан, вокзалдар мен автожолдар маңайынан сұрау салынып жатыр», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінен.

Жоғалған азаматшаның бойы шамамен 165-170 см, дене бітімі арық, шашы сирек, сөйлеу кемістігіне байланысты 2-ші топтағы мүгедектігі бар. Үйінен кетерінде үстінде қара күртешесі, тізеге дейін қызыл түсті юбкасы, басында көк түсті қалпағы, аяғында көк түсті галош болған.Тәртіп сақшылары аталған жанға қатысты қандай да бір ақпарат болса, 102 немесе 8 (7182) 39-12-32 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрайды.

Малайсары павлодар әйел жоғалды

Тақырыпқа жаңалықтар