Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш баласын өрттен құтқарамын деп қаза тапқан

Павлодар облысында ер адам отбасын өрттен құтқарамын деп өзі көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға кеше, 9 қазан күні таңертең Тереңкөл ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде өрт үйдің шатырына дейін жеткен. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар үйден ес-түссіз күйде жатқан 1982 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

Марқұм өрт сөндірушілер келгенге дейін терезе арқылы 33 жастағы жұбайы мен 8, 6 және 2 жастағы үш баласын сыртқа шығарып үлгерген. Ер адам аудандық ауруханада көз жұмды.

Өрт үйдің шатырын шарпыған. Жалынның жалпы аумағы 100 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

павлодар ер адам Өрт Отбасы

Тақырыпқа жаңалықтар