Павлодар облысында өрттен екі бала көз жұмды
Бүгін, 15 қаңтар күні таңертең Павлодар облысында үй өртеніп, 2 бала ажал құшты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Облыстық ТЖД Ертіс ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.
Өрт сөндірушілер 3 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Бірақ, олар келгенде тұрғын үй толығымен отқа оранғанын көрген. Өрт сөндірушілер үш баланы алып шықты. Бір бала құтқарушылар келгенше шығарылған.
Өкінішке қарай, екі бала ауруханада қайтыс болды. Өрттен аман қалған екі бала емделуде.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: