Павлодар облысының бірнеше өңірінде төтенше жағдай жарияланады
Павлодар облысының үш қаласы мен бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы облыстық әкімдік мәлімдеді. Жергілікті органдар дауылдан келген залалды бағалап жатыр.
20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініштер қабылданатын болады.
«Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындары - азаматтардың жекелеген санаттары үшін 393 200 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген», - делінген мәлімдемеде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: