Павлодарда ауыл әкімі жедел жәрдем қызметкерімен төбелесіп қалды
Павлодарда ауыл әкімі мен фельдшер төбелесіп, дәрігер зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеп.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Оразалимов Екібастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшерімен жанжалдасып қалып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан медицина қызметкерінің бас миы шайқалып, бетінен жарақаттар алған.
Облыстық полиция департаменті жанжал фактісін растады. Ведомствоның хабарлауынша, төбелес кешкі уақытта іс-шара кезінде болған.
«Оқиға тұрмыстық сипатқа ие және олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Қатысушылар өзара татуласты, бір-біріне шағымдары жоқ», – делінген Павлодар облысы ПД түсіндірмесінде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: