Павлодарда мұғалім 1 млн теңгені қалтасына басты
Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 миллион теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
IIM-нің мәліметінше, полицияға ер адам шағымданып, Павлодардағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып істеген азамат өзіне ҰБТ тапсыруға жәрдем беремін деп уәде бергенін, ақысына 1 миллион теңге алғанын айтқан.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқ екені тексеріліп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: