Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғаліміне шабуыл жасады

Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғаліміне шабуыл жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Telegram-арналарда тараған мәліметке сай, оқиға күзгі бал кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім мұғалімнің мойнына жармасып, біраз уақыт жібермей қойған. Оқиғадан кейін қорыққан педагог полицияға арызданған.

Павлодар облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, тексеріс жүргізілді. Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс материалдары жасалып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болды.

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сауле Шәкенова да жағдайдан хабардар екенін айтты.

"Маған бұл туралы мектеп әкімшілігі хабарлады. Мен ажырасқаннан кейін баланы қолына алған әкесімен байланысқа шықтым", - деді ол.

Оның айтуынша, ол баланың әкесімен кездесуге келіскен.

павлодар Оқушы Мектеп Мұғалім

Тақырыпқа жаңалықтар