Павлодарда өзенге батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды

Павлодардағы орталық жағалауда суға батып кеткен жас жігіттің денесі екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 11 тамызда болған.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 тамыз күні сағат 05:00 шамасында 112 пультіне орталық жағалау маңында жас жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиғадан кейін құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастаған. Екі күнге созылған іздестіру жұмыстары барысында сүңгуірлер суға 80 рет түскен. Мамандар арнайы қайықтар мен эхолот құрылғысын да пайдаланған.

13 тамызда құтқарушылар Жанауыл ауылының маңынан 2007 жылы туған ер адамның денесін тапқан. Оның денесі судан шығарылды.

павлодар Құтқарушылар Төтенше жағдай Қайғылы оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар