Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды
Павлодар қаласында 29 маусым күні Mitsubishi Carisma автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Одан кейін жеңіл көлік бағана мен саяжай шағынауданындағы аялдаманы соғып, аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: