Қазақстан жаңалықтары24 шілде 2025, 16:44

Перизат Қайрат пен анасының соттағы сөз сөйлеуі жабық режимде өтеді

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты негізгі сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін жарыссөз барысында жәбірленушілер сөз сөйледі. Ал сотталушының сөзі жабық форматта өтеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгінгі жарыссөзде 12 жәбірленуші сөз сөйледі. Жазыссөзде Перизат Қайраттың, оның анасы мен адвокатының сөйлеген сөздері жабық режимде өтеді. Бұл туралы судья Сабыржан Кәрімов мәлімдеді.

«Барлық жәбірленуші сөз сөйледі. Процеске қатысушылар, содан кейін сот талқылауында сотталушылар мен олардың қорғаушылары жабық отырыста сөз сөйлейді. Сот сағат 15:00-де жалғасады», – деді судья Сабыржан Кәрімов.

 

 

Перизат Қайрат сот Қылмыс шешім

Тақырыпқа жаңалықтар