Перизат Қайрат прокурордың айыптау актісін “тергеушінің қиялы” деп атады
Астанада Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты негізгі сот отырысы өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Прокурор айыптау актісін бір сағат бойы оқып, 3,5 млрд теңгенің қайда және қалай жұмсалғанын толық баяндады. Айтуынша, бұл қаражатқа 7 пәтер, 3 көлік, шетелге сапарлар, қымбат бұйымдар мен киімдер сатып алынған.
Перизат Қайрат бұл мәліметтермен келіспейтінін айтып, алдағы сот процестерінде қарсы дәлел ұсынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол айыптау актісін «тергеушінің қиялы» деп атап, қорға өзге құрылтайшылардың да қатысы бар екенін айтты.
Прокурордың сөзінше, Перизат Қайрат қайырымдылық қорды жалған құжаттармен рәсімдеп, келісім бермеген азаматтардың атынан құрылтайшылар ретінде қол қойған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: