Перизат Қайрат жұмысқа жарамсыз болса, колледж оқиды

Перизат Қайрат кім болып жұмыс істейді және ол анасы Ғайни Алашбаевамен бір колонияға ауысуы мүмкін бе? Бұл сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Абай Қайырбековтің айтуынша, Перизат Қайраттың жұмысқа орналасу мәселесі оның дағдылары мен бос жұмыс орындарына байланысты шешіледі.

"Оның қабілетіне қарай қолайлы бос орындарды қарастырамыз. Егер біліктілігі жеткіліксіз болса, мұндай сотталғандармен тиісті оқыту жұмыстарын жүргіземіз", – деді ол.

Қайырбековтің сөзінше, қажет болған жағдайда Перизат Қайрат колония жанындағы колледжде немесе курстарда оқытылады.

Перизат Қайрат Ғайни Алашбаева түрме сот

Тақырыпқа жаңалықтар