Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады
Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қор ашып, халықтан ақша жинап, қаржыны талан-таражға салған Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері, қымбат көліктері мен бренд әшекейлері аукционда сатылады.
Саудадан түскен қаржы жәбірленушілердің шығынын өтеуге жұмсалады. Іс бойынша 47 адам зардап шегуші деп танылған.
Еске салсақ, 25 шілдеде «Біз біргеміз» қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды. Келтірілген шығын – 3,5 млрд теңгеден асады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: