Петропавлда мас ер адам автобуста мектеп оқушысына шабуыл жасады
Петропавлда мас ер адам автобуста 12 жастағы оқушы қызды ұрды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды Arbat.Media.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға №2 бағыттағы автобуста болған. Екі ер адам өздерін дөрекі ұстап, шамамен 12 жастағы қыздарға балағат сөздер айтқан.
"Олардың сырт келбетіне байланысты ер адамдар орынсыз ескерту жасап, тиісіп бастаған. Балаларды қорғап сөйлемек болған бір жолаушы қызға да тиісіп, жанжал күшейе түскен. Автобустан түсер кезде ер адамның бірі қыздың бетінен ұрып жіберген. Қыз қорқып, жылап жіберген. Ал кондуктор ешқандай шара қолданбаған", – делінген видео сипаттамасында.
Басқа нұсқа бойынша, ер адамдар балағат сөз айтып отырған кезде, қыз ескерту жасаған. Осыдан кейін жанжал басталған.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты дереу шара қабылдағанын мәлімдеді.
"Күдікті тез арада анықталып, ұсталды және полицияға жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Балаларға қарсы мұндай әрекеттер - заңды өрескел бұзу және ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Жағдай полицияның бақылауында", – делінген ресми хабарламада.