Премьер-министр мен Үкімет мүшелері атынан жалған ақпарат тарап жатыр
Үкіметтің баспасөз қызметі премьер-министр мен Үкімет мүшелері атынан жалған ақпарат тарап жатыр дген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл — жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз», — делінген Үкіметтің дерегінде.
Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: