Қазақстан жаңалықтары9 қараша 2023, 16:12

Президент: ЕАЭО-ның ішкі нарығында бір-бірімізбен бәсекелеспеуіміз керек

Қазақстан мен Ресей ЕАЭО-ның ішкі нарығында бір-бірімен бәсекелеспеуі керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ресей – әлемде ең ірі органикалық тыңайтқыш экспорттайтын елдің бірі. Өнім өткізу нарығының өзгеруіне байланысты Қазақстандағы Ресей тыңайтқыштарының импорты айтарлықтай артты. Мұның салдары отандық кәсіпорындарға әсер етіп отыр. Біз ЕАЭО-ның ішкі нарығында бір-бірімізбен бәсекелеспеуіміз керек деп санаймын. Біз бірлесе отырып, фермерлерімізге тыңайтқыштарды қолжетімді ету және сыртқы нарықтарға шығу жолдарын іздестіруіміз қажет. Қазақстан азық-түлік, тыңайтқыш және дақыл тұқымдары халықаралық санкциялық шектеулерге ілікпеуі керек деген позицияны ұстанады. Өйткені ол жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЕАЭО Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей ішкі нарық

Тақырыпқа жаңалықтар