Президент Того Республикасының басшысын қарсы алды
Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: