Прокурор АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерді 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Прокурор былтыр АЭС құрылысына қарсы шыққан белсенділерді бес жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін, 21 тамызда Алматының Алмалы аудандық сотында АЭС құрылысын салуға қарсы шыққан бес белсендінің сотында жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы прокурор Жанат Қазақбай, Нұрлан Жаулыбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев және Айдар Мүбараковты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айта кетейік, 2024 жылы АЭС құрылысына қатысты референдум қарсаңында тартіпсіздік ұйымдастырған 12 белсенді ұсталған еді. Оның жетеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Ал қалған бес белсендіге «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» бабы бойынша айып тағылған. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.