Қапшағай су қоймасына қайық аударылып, бір адам жоғалды

Құтқарушылар Қапшағай су қоймасында төңкерілген қайықта болған адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға туралы құтқарушыларға туысы хабарлаған.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, Қапшағай су қоймасында ішінде екі адамы бар қайық аударылған. Бір адам жағаға өз бетінше шыққан, екіншісі шамамен 400 м қашықтықта жоғалып кетті. Оқиға орнына құтқарушылардың сүңгуір топтары келіп жоғалған адамды әлі іздеп жатыр. 17 құтқарушы жұмылдырылып, олар үш бірлік техниканы, төрт жүзу құралын, дрон және «Эхолот» гидроакустикалық аппаратын пайдаланып жатыр.

Қапшағай Алматы Құтқару Адам

Тақырыпқа жаңалықтар