Қарағанды циркінде акробат бес метр биіктіктен құлады

Қарағанды циркінде акробат көрермендер алдында өнер көрсетіп жатқанда биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қойылым жүргізушісі дәрігерлер әртісті қарап шыққанын және оның жағдайы жақсы екенін айтты. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, акробат сақтандыру арқанынсыз өнер көрсеткен. Ол тепе-теңдігін жоғалтып, шамамен бес метр биіктіктен құлаған. Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жариялады.

Жүргізуші акробаттың жағдайы туралы көрермендерге хабарлағаннан кейін қойылым жалғасты.

Қарағанды Цирк өнері дәрігерлер әртіс

Тақырыпқа жаңалықтар