Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жол апаты 11 шілдеде сағат 14:00-де Қарағанды – Астана жолында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 жастағы Kia Rio жүргізушісі жылдамдық пен арақашықтықты сақтамаған.
Салдарынан ол алдында келе жатқан Shanceman көлігімен соқтығысқан. Апаттан Kia Rio жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: