Қарағандыда ауқымды іс-шара кезінде екі жүзден астам ата-ана баласынан көз жазып қалды

Қарағандыда Кеншілер күні орталық алаңға 120 мың қала тұрғыны мен қонақтар жиналды — концерт кезінде адасып қалған 235 бала ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайдыPolisia.kz сайтына сілтеме жасаған Arbat.Media.

Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1000-нан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Мерекеде бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен халық көп шоғырланған орында балалардың адасып қалу жағдайлары тіркелді. Барлығы 235 бала ата-анасынан көз жазып, адасып қалған.

"Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-анасына аман-есен табысталды. Осы мақсатта тәртіп сақшылары концерттің жүргізушілерімен тұрақты байланыс орнатып, табылған балалар жайлы жедел хабар таратып отырды.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы автобус бөлініп, онда бүлдіршіндер ата-анасы келгенге дейін бақылауда болды. Бұл оқиға полиция қызметінің басты қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қорғау мен жәрдемдесуге әрқашан дайын екендігінің айқын көрінісі болды", - деп жазды басылым.

Қарағанды Бала жоғалды Мереке

Тақырыпқа жаңалықтар