Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2025, 16:40

Қарағандыда бүлдіршін 12 магнитті шарикті жұтып қойған

Қарағандыда бүлдіршін 12 магнитті шарикті жұтып қойған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сәбидің іші қатты ауырып, шағымданғаннан кейін оны көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру барысында оның ішінен жылан пішінінде тізілген магнитті шариктерді анықтады. Бала 12 шарикті жұтқанын мойындаған.

"Бір қарағанда бұл – жай ғана ойыншық. Бірақ ағза ішінде мұндай шарлар бір-біріне жабысып, тіндерді қысып, жыртады. Әрбір минут кешігу баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді", – деді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Қарағанды Дәрігер Бала магнит
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар