Қарағандыда мектептің жанынан соққыға жығылған әйелдің денесі табылды

Қарағандыда мектептің жанынан соққыға жығылған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қарағандыдағы мектептің жанынан табылған әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Қанды қылмыс 28 қыркүйек күні болған. Бірақ полиция бұл туралы ақпаратты тек 8 қазанда ресми түрде хабарлады. 36 жастағы күдікті ұсталды. Ал оқу орнының жанынан әйелдің мәйіті табылғаны жергілікті тұрғындарды үрейлендірді.

«Күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды», -деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қылмыстық іс жүргізу кодексінің «сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етпеу» туралы 201-бабына сәйкес өзге ақпараттарды жария етпеді.

Қарағанды Мектеп Әйел Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар