«Қарағандыда полиция бөлімшесінен табылған мәйіт»: Полиция басшысы мен орынбасары қызметінен кетті

Тірек пунктінде болған оқиғадан кейін өңір полициясында кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тәртіптік комиссияның шешімімен Михайлов полиция бөлімінің басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Қарағанды қалалық полиция басқармасының және облыстық полиция департаментінің бірқатар басшысына қатаң шаралар қолданылды.

«Әйелдің мәйітін табу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Учаскелік полиция инспекторы қазіргі уақытта медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр, сондықтан тергеу аяқталғанша қызметінен уақытша шеттетілді. Оның жұмыстан шығару мәселесі ем аяқталған соң қарастырылады», — делінген Қарағанды полияциясының хабарламасында.

1 қазанда Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған еді.

Қарағанды полиция кезекші бөлім мәйіт
Кеше, 14:25 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 19:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:59 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар