Қарағандыда қарияны ұрған жасөспірімдерге қатысты сот басталды
Қарағандыда қарияны ұрған жасөспірімдерге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жалғызбасты қарияны соққыға жыққан 8 жасөспірім мен 33 жастағы күдіктіге қатысты сот отырысы басталды.
Оқиға биыл наурызда Теміртау қаласында болған. Күдіктілер зейнеткердің үйіне «электр маманымыз» деп алдап кіріп, 35 мың теңгесі мен екі ұялы телефонын ұрлап кеткен. Кейін қарияны ұрып-соғып, мазақтаған.
Жасөспірімдердің көбі – 9-сынып оқушылары. Олардың бұған дейін де ұрлық жасағаны анықталған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: