Қазақстан жаңалықтары30 наурыз 2026, 16:21

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Экономикалық қызмет саласында бірқатар қасақана ауыр қылмыс жасаған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан топ құрамында болғаны анықталды. Күдікті 2019–2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарған. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде пирамидаға 10 млрд теңгеден астам қаражат тартылған. Қылмыстық топтың басқа мүшелері сотталған. Ал бұл күдікті бой тасалап үлгерген.

Ол биыл ақпанда Грузия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Грузия Қызмет Қылмыс Ақша
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
11 тамыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар